Аналарға арналған Қарағанды қаласында өтетін тұңғыш форум

Дарынды Ана. Жизнь в стиле Мамы

2019 жыл, 26 мамыр (жексенбі). Басталуы: сағат 10:00.
Көпбалалы аналарға форумға кіру тегін!

Форумға дейін:
күн
сағат
минут
секунд
«Дарынды Ана. Жизнь в стиле мамы» форумы Қарағанды қаласында тұңғыш рет өтуде
Ол отбасын құру, мәнсапқа ұмтылу, бизнес жүргізу және тұлға ретінде өзін-өзі дамытуға тырысады.

Форумда Сіз, отбасылық және іскерлік қызметті үйлесімді алып жүрген көшбасшы, өз ісінің кәсіби маманы атанған әйелдермен кездесесіздер.

Шынайы әрі шабыттантандыратын әңгімелер, отбасындағы қарым-қатынастарды нығайту, бақытты бала тәрбиесі төңірегінде пайдалы әрі практикалық ақыл-кеңестер аласыз.

Форум әйел затына, әуелі аналарға өзін-өзі жетілдіруіне, өмірлік ұстаным мен айналаға көзқарасын жаңартуға, жаңғыртуға мүмкіндік береді. Сіз сәтті бизнес бастау және жүргізудің қыр-сырымен танысасыз.

Біздің қатарымызға қосыл да, армандарыңды бүгіннен бастап жүзеге асыр!
Біз шексіз мүмкіндіктер заманында өмір сүріп жатқандықтан, әйел заты барлық істің басында жүр
Аналардың қоғам дамуындағы әлеуетін және оны жүзеге асыру жолдарын көрсету
Шабыттандыру
Форумының мақсаты
Басқару, бизнес саласының тәжірибелі мамандарымен таныстыру, әрі қарайғы өзара байланысты дамытуға көмектесу
Қолдау
Бизнес ашу және жүргізу жолдарын үйрету
Үйрету
«Дарынды Ана» коворкинг орталығында тегін әрі ұдайы ұйымдастырылатын кәсіби іс-шараларға шақыру
Біріктіру
ЖАНАР СМАЙЫЛ
МОДЕРАТОР
Кәсіби психолог, гештальт терапевт, аяулы жар, 3 ұлдың анасы

Айнагүл
Хамитова:

Дарынды Ана

Зарина
Буенбаева:

Журналист, Люмьер Лион 2 универсиеттінің магистрант (медиа технологиялар), француз үкіметінің стипендиаты

Әлеуметтік желі мүмкіндіктерін бизнесте қалай сәтті қолданамыз?

Айжан
Изакова:

Психология ғылымдарының докторы, Профессор ЕАГИ, «Талант менеджмент» бағдарламасының авторы

Аналардың «Талант менеджменті»

Наталья
Сухорукова:

Педагогика ғылымдарының кандидаты, «Шахтёр» балаларға спорт клубының дамыту бойынша директоры

Үштаған: Жаттықтырушы. Ата-ана. Бала

Жанаргүл
Кульмагамбетова:

Қарағанды облысы Іскер Әйелдер Кеңесінің төрайымы, кәсіпкер, ментор, PhD докторы

Әйелдердің бизнес жүргізудегі қыр-сыры

Айгүл
Тулебаева:

Психолог, коуч, психология ғылымдарының кандидаты, доцент, нейролингвистика мен Эриксон гипнозының маманы

Аналық махаббаттың мүмкіндіктері шексіз

«Дарынды бала» бала-бақшалар жүйесінің, «Дарынды Ана» коворкинг орталығының негізін қалаушы. «Алтын алқа» иегері, 7 баланың анасы

Спикерлер

Шынайы өмір сүруді бірге үйренейік!
Айнагүл Хамитова
Көпбалалы анамын. Жеті бала тәрбиелеп отырмын. Олардың әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен үшін өте маңызды міндеттердің бірі. Себебі, бала тәрбиесінде ата-ананың ролі ерекше. Оның үстіне қазіргі жаңа технологиялар заманында ата-анаға өзін-өзі дамытуына, жан-жақты білім алуына мол мүмкіндік жасалған. Соған орай арнайы ата-аналарға арналған «Дарынды Ана» жобасын қолға алдым. Жобаның басты мақсаты — аналардың қоғам дамуындағы әлеуетін және оны жүзеге асыру жолдарын көрсету.

Қарағандыда тұңғыш ұйымдастырылып жатқан аналарға арналған форумға қош келдіңіздер!

Айжан Изакова
Әйел ана атанғаннан кейін түбегейлі тұлғалық өзгеріске ұшырайды. Дүниеге бала келген соң, аналар бірден сәбиінің режіміне көшіп, тіпті мінезіне икемделеді. Аналар баласының бақытты көңіл-күйін бағып отырады. Нәтижесінде, олар баланың денсаулығы, оны қоршаған ортаның жайлылығы сынды көптеген сыртқы факторларға үнемі алаңдаумен болады. Аналар баласының айналаны тануына, ой-өрісінің кеңеюіне, мақсат қойып, оған қол жеткізуіне, дұрыс тәлім-тәрбие алуына негіз болады. Ал, енді осы әмбебап міндеттерді қалай сәтті үйлестіреміз?

Аналарға арналған сиқырлы менеджмент туралы форумда айтып береміз!

НАТАЛЬЯ СУХОРУКОВА
Баланың болашақта табысқа жетуі алдымен ата-анаға байланысты. Себебі, баласының бойындағы таланты көре білген ата-ана ғана оның кемел болашағына сәтті инвестиция жасай алады. Спортқа баулу баланың бойында қайсарлықты тәрбиелейді. Спорт - үлкен еңбек, қан мен тер. Спорт - бұл үнемі өзіңмен күрес, өзіңді тәрбиелеу.

Баланың бойында чемпиондық ойлау қабілетті қалай дамытамыз? Бұл туралы форумда айтамыз!

Жанаргүл Кульмагамбетова
Қазіргі таңда әйел адамның бизнес жүргізуі қалыпты құбылыс. Бірақ оның өз қыры мен сыры, оңай әрі қиын тұстары бар. Әйелдерге бизнестің қай түрін игерген ұтымдырақ? Бизнес жүргізу кезінде мемлекетпен қалай серіктес болуға болады? Бизнесті бастауға мүмкіндік беретін гранттық бағдарламаларға қалай қатысуға болады? Тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңесін беретін менторларды қайдан табамыз?

Бұл сұрақтардың барлығына жауап бар!

Айгүл Тулебаева
Аналық махаббаттың мүмкіндіктері шексіз

Өзі бақытты ана ғана баласына шынайы бақытты өмір сыйлай алады! Дені сау, өзіне сенімді, ішкі және сыртқы дүниесі үйлесім тауып, бойындағы потенциалын игерген ананың кеудесін үнемі қуаныш кернейді. Бақытты аналар баласының тұлғалық дамуына ғаламат мүмкіндік жасайды. Шындығында, баланың тағдырына тікелей әсер ететін ананың психологиясы, дұрыс қарым-қатынасы мен ойлары. Баладан тұлға жасайтын ананың махаббаты!

Балаңыздың болашағын жарқын етіңіз! Бақытты болу жолдарын форумда айтып береміз!

Зарина Буенбаева
Ақпараттық технологиялар заманы ұсынып отырған мүмкіндіктердің барлығын өз қажетіңізге орай сәтті пайдаланасыз ба? Ал, байланыс құралдарының ең қарапайым әрі ыңғайлы формасы әлеуметтік желіні бизнесіңізді дамыту үшін қолданасыз ба? Әлеуметтік желінің бизнеске әкелер пайдасы туралы не білесіз?

Әлеуметтік желілердің алгоритмі, мақсатты аудитория, интернеттегі жарнама және осының барлығын дұрыс жоспарлау турасында форумда айтамыз!

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
СЕРІКТЕСТЕР
Ықтимал серіктестерді ынтымақтастыққа шақырамыз
Бизнес бастағыңыз келе ме?
Бизнесті дамыту немесе старт-ап бастау үшін 1 000 000 теңге
Біздің грантты қалай ұтып алуға болады?
1
«Дарынды Ана. Жизнь в стиле Мамы» форумына қатысу
2
Грантқа қатысу шарттарын сақтау:
1
1 шілдеге дейін гранттық бағдарламаға қатысуға өтініш беру
2
1 тамызға дейін арнайы оқу бағдарламасынан өту
3
бизнес-план жазу
4
бизнес-планды 10 қыркүйекке дейін қорғау
5
10 қыркүйектен 20 қыркүйекке дейін қолыңыздағы бизнес-планмен өтініш беру
6
жюри алдында презентация жасау, интервьюден өту
7
грант иегерін анықтау
Конкурсқа кез келген әйел қатыса алады. Сонымен қатар, жасы, білімі және тұрғылықты жеріне байланысты шектеу жоқ.

ЕСКЕРТУ! Форумға қатысқан билітіңізді сақтап қойыңыз! Билетсіз грантқа қатысу мүмкін емес!

Бизнес-план құру кезінде сізге міндетті түрді кәсіби бизнес-тренерлер көмек береді. Барлық білім алу процессі ұйымдастырушылар тарапынан ұйымдастырылады.

Бизнес идеяңды жүзеге асыру мүмкіндігін жіберіп алма! Бізбен бірге арманыңды іске асыр!
Форумға кел де, көптеген тамаша ұтысқа ие бол!
«Дарынды Бала» бала-бақшасында 3 айлық 5 сертификат
FITNESS SPASIAM денсаулық және сұлулық орталығында жеке инструктормен 3 абонемент
MEDICITY SPA рәсімдеріне арналған 3 абонемент
3 beauty бейне және портреттік фототүсірілім
FITNESS SPASIAM мен MEDICITY SPA денсаулық және сұлулық орталығының барлық рәсіміне арналған З дана «Алтын картасы»
Өткізу орны
Серік Сәпиев атындағы бокс орталығы,
Қарағанды қаласы, Республика даңғылы, 11/3
Өз пакетіңізді таңдаңыз
Үш түрлі мүмкіндіктің біреуін таңда
Тіркеліңіз
Форумға қатысу үшін тіркеліңіз де, пайдалы ақпаратты поштаңызға алып отырыңыз!
"Тіркелу" түймесін басу арқылы Сіз «Дарынды Ана» коворкинг орталығының ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ШАРТТАРЫМЕН келісіп, мәлімдемелерді алып тұруға қарсы емес екендігіңізді растайсыз.
Click to order
Cart
Жәшікте:
Total: 
Жәшікті жауып, басқа пакетті қосуыңызға болады. Немесе төлемге өтіңіз.
Аты-жөніңіз:
Форумға қатысушылардың тізіміне қосу үшін қажет
E-mail
Билет туралы және форумға қатысты барлық қажетті әрі пайдалы ақпаратты жібереміз
Байланыс телефоны:
Нақты орынды анықтау үшін хабарласамыз
ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ШАРТТАРЫМЕН ТАНЫСТЫМ, «Дарынды Ана» коворкинг орталығынан мәлімдемелер алып тұруға қарсы емеспін.